Войти на сайт

Введите Ваш E-mail:

и пароль:

Запомнить пароль

Регистрация нового пользователя
Востановление пароля

Қорытынды жасап, жоспарды талқыладық: Алматыда ҚР Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Жас ғалымдар мен шығармашыл жастар кеңесінің отырысы өтті

A A A

Кеше және бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры жанындағы Жас ғалымдар мен шығармашыл жастар кеңесінің осы жылдағы алғашқы отырысы болды.

Мәдениет пен өнер, білім, ғылым саласындағы белгілі отандық және халықаралық байқаулардың лауреаттары мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, ғылым докторлары мен кандидаттары, өнер магистрлері кіретін Кеңес мүшелері өткен жылдың жұмысын қорытындылап, сондай-ақ, алдағы уақытта жүзеге асырылатын бағдарламалар мен жобаларды талқылады.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері қатарынан құрылған байқау комиссиялары ҚР Тұңғыш Президент Қоры Сыйлығына үміткерлердің өтініштерін қарау жұмысына кірісіп кетті.

Айта кету керек, байқауға еліміз бойынша өнер мен мәдениеттің жас ғалымдары мен қайраткерлері қатысқан. Тек ең ерекше зерттеу, талдау, жоба, шығарма мен бағдарлама авторына ғана «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры Сыйлығының Лауреаты» деген асқақ атақ берілетін болады.

Осы жылдың ақпан айынан бастап Қор лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді, ал, әзірге байқау комиссиялары өз жұмыстарын жалғастыруда. Өткізілетін байқаудың нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының баспасөз-қызметі

Артур Жумашев, PR-менеджер

+7 (727) 2-700-641, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Мобильдік нұсқа

Байланыс ақпарат


Астана
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Енбекшiлер, 10
Қабылдау, тел. +7 (7172) 70 83 04
Қабылдау, факс. +7 (7172) 70 83 43
E-mail: Astana_fond@presidentfoundation.kz
Картада
Алматы
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Махатма Ганди 10 көшесі
Тел. +7 (727) 270 05 27
Факс. +7 (727) 270 05 50
e-mail: office@presidentfoundation.kz
Картада
COPYRIGHT © 1999-2016 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры

Обратная связь

Ваше имя или название компании:

E-mail:

Телефон (с кодом города):

Адрес сайта:

Тема письма:

Сообщение:

Прикрепить файл...

Отправить копию письма на Ваш E-mail?

Подписка на рассылку

Ваше имя или название компании:

E-mail: