Войти на сайт

Введите Ваш E-mail:

и пароль:

Запомнить пароль

Регистрация нового пользователя
Востановление пароля

Алматыда балалар үйі мен мектеп – интернат балаларына арналған жаңажылдық ертеңгілік өтіті

Күн:
22 желтоқсан 2016


Іс-шарадан
түсірілген бейне
A A A

Балалар үйі мен мектеп-интернат балаларына арналған нағыз жаңажылдық ертегіні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры сыйлады. 22 желтоқсан күні Қор ғимаратына Алматы және Алматы облысы балалар үйінің, аз қамтылған отбасы мен жетім балаларға арналған қосалқы мектеп-интернаттың, интеллектуалдық және физикалық тұрғыдан ауытқушылығы бар мамандандырылған мектеп-интернаттың 500-ден астам балалары қатысты.

Жаңажылдық ойыншықтар мен жарқын гирляндамен безендірілген шыршаны қар бүршігі, қоян, теңіз қарақшысы және ханшайым болып киінген балалар қоршап алды. Балалар бұл күні сиқыр мен ғажапқа толы ертегі әлеміне ене алды.

Фотоаппараттарды қолдарына алған педагогтар қыс мерекесін атап өтушілердің әрбірінің жымиысы мен бақытты көзқарасын түсіріп алуға тырысып, өздерінің қарауындағы балалармен бірге қуанды.

Балалар үшін көңілді көріністі қазақтың Ер Төстік, Алдар Көсе және Бай ертегілеріндегі кейіпкерлер сомдап берді. Айтпақшы, соңғы екеуі билі-әнді сарынымен еліктіріп алды.

Балалармен кездесуге қазіргі заманның мультфильмдерінің кейіпкерлері де — Мадагаскар аңдары, көңілді миньондар және танымал Маша мен Аю келді. Қызықты кейіпкерлер балаларды сыйлықтарымен, жалынды билері мен белсенді флеш-мобтары бар қызықты байқауларымен қуантты.

Жаңажылдық қойылымның шарықтау шегі заттар мен левитацияларды жоғалтып жіберетін сиқыршы көрсетілімі болды. Ұлдар мен қыздар демдерін ішіне тартып, әртістердің әрбір қозғалыстарын бақылады.

Сиқыршының арқасында зал ортасында көптен күткен Аяз Ата мен Ақша Қар пайда болды. «В лесу родилась Ёлочка» әнін үлкен хормен орындағаннан соң ертегі көз байлаушысы мереке қонақтарына жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

«Жаңа жыл – бұл сүйікті де көптен күтетін балалар мерекесі. Барлық балалар, түгі қалмай, таңғажайыпқа сенеді. Біздің міндетіміз, үлкендердің міндеті, көңілді, естен кетпес, жарқын мерекені сыйлау болып табылады. Ойындар, көріністер, сыйлықтар, ертегі кейіпкерлері және көңілді көңіл-күйді – бала есінде ұстап, жылы жүрегімен еске алуы қажет» — дейді Қордың әлеуметтік-қайырымдылық жоба жөніндегі бас маманы Гүлнар Ершіманова.

Мамандандырылған мекемелер балаларына арналған жаңажылдық мереке – 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры әлеуметтік-қайырымдылық жобаларының бірі. Бұл күні Қор кәсіби әртістердің қатысуымен ертегі көріністерін ұйымдастырып, жаңажылдық сыйлықтар таратады.

ҚР Тұңғыш Президент қоры баспасөз қызметі

Артур Жумашев, PR-менеджер

www.fpp.kz, a.zhumashev@fpp.kz

+7 (727) 2700-641, +7 (708) 960-56-13

Мобильдік нұсқа

Байланыс ақпарат


Астана
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Енбекшiлер, 10
Қабылдау, тел. +7 (7172) 70 83 04
Қабылдау, факс. +7 (7172) 70 83 43
E-mail: Astana_fond@presidentfoundation.kz
Картада
Алматы
Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Махатма Ганди 10 көшесі
Тел. +7 (727) 270 05 27
Факс. +7 (727) 270 05 50
e-mail: office@presidentfoundation.kz
Картада
COPYRIGHT © 1999-2016 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры

Обратная связь

Ваше имя или название компании:

E-mail:

Телефон (с кодом города):

Адрес сайта:

Тема письма:

Сообщение:

Прикрепить файл...

Отправить копию письма на Ваш E-mail?

Подписка на рассылку

Ваше имя или название компании:

E-mail: